Тіл біліміне байқау өтеді

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік тіл біліміне облыстық ведомство бөлімшелерінің қызметкерлері арасында «Полиглот» өңірлік конкурсы өтті. Жарысқа 5 үміткер қатысты. Халық даналығында айтылғандай «Жеті халықтың тілі мен жеті түрлі ғылымды білуге ұмтыл» тақырыбы шараның өзегі болды. Байқау қатысушылары 7 тілді білмегенмен, үш тілде білімін көрсетуге күшін салды. Іс-шара мақсаты –мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту, мәртебесін насихаттау мен оның мәні, басқа ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру және ынталандыру.
Бірінші кезең «Өзін-өзі таныстыруда» қатысушылардың алдында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өзін таныстыру міндеті болды. Екінші кезең – төтенше жағдайлар тақырыбы бойынша оңай әрі қиын сөйлемдерге аударма жасау. Үшінші кезең «Үй тапсырмасында» байқау қатысушылары әндер шырқады, өлеңдер оқыды және де биде билеп берді. Жарыс қатысушылырының ойынша, ең қиын тапсырма төтенше жағдайлар тақырыбындағы терминдер жарысы болды. Онда қазақ тілі мен ағылшын және орыс тілдеріне 10 терминді сауатты әрі қатесіз оқу міндеті болды. Байқау қатысушыларының тілдер білімін қазылар алқасы бағалады, олардың құрамында облыстық тілдерді оқыту орталығының өкілдері болды. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арасында бірінші орынды ең көп ұпай жинаған Н.Чимчихан алды. Екінші орында А.Есназарова, үздік үштікті А.Бесембаева қорытындылады. Барлық жарыс қатысушылары мадақтау грамоталарымен марапатталды. Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Оримбаев жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтап, байқау жеңімпазы қазан айы Өскемен қаласында өтетін Республикалық байқауда Департаментті лайықты таныстыратынына үмітін білдірді.
Осындай мақсатты бауқаулар туған тілді мақтан тұтып қадірлеуге дарытады, мемлекеттік тілдің сапасы мен қолданылуын арттыруға септігін тигізеді.
Қостанай облысының ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓