«Шежірелі өлке – Торғайым» жобасы

Аймақта «Туған Жер» бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру көзделген. Соның ішінде «Болашаққа бағдар: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру. Ондағы мақсат – мектеп оқушыларымен қатар белсенді ел жастарын азаматтық жауапкершілігімен патриоттық сезімдерін, туған елге деген жанашырлықтарын қалыптастыру. 
5d7afed7-f7aa-43e5-9c30-a5a1ae2d039f
6e40396e-c45b-477c-b6bd-d0064cfa1d3f
Аталған жоба Торғай даласының көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштеріне аудан оқушыларымен қатар белсенді аудан жастарымен саяхат жасауға бағытталған. Жоба шеңберінде Торғай елінің тарихымен толығырақ танысуын қамтамасыз етуге негізделген жоба басталып кеткен болатын. Жобаның алғашқы экскурсиялық бағыты Тасты елді мекеніне жақын орын тепкен «Кейкі Батыр» (Нұрмағанбет Көкембайұлынан) кесенесінен бастауын алды. Екі күнге орайластырылған бағдарламаға аудан мектептерінің оқушыларымен елдің белсенді жастары және де білім және мәдениет саласының қызметкерлері ат салыса білді. Экскурсия бағдарламасы бойынша қатысушылар ең алдымен тіркеуден өтіп, барлық қатысушыларға бетперделер мен қатар арнайы медициналық қолғаптар таратылды. Экскурсия барысында төтенше жағдай режимі мен денсаулық және де жол қауіпсіздігі шаралары қатаң сақталды. Іс-шараға қатысушылар Кейкі Мерген (Нұрмағанбет) Көкембайұлының өмірбаянымен және де батыр жайында тың деректертер бұрын соңды естімеген жаңа мағұлматтарға, мәні бар әңгімелерге қанық болды. Экскурсияның келесі бағыты Амангелді Иманов мұражайымен Аманкелді ауданының көрікті жерлеріне саяхат еді. Амангелді атамыздың тарихымен етене таныстыра, кең мағұлмат бере білген «Аманкелді Мұражай кешеніне» алғыс айта отыра, барлық қатысушылар рухани демала білгендерін тілге тиек етті.
e91e82be-a62b-4db7-aa2a-70c42a357bb4
Одан әрі экскурсия Бейсен би әулие Байжанұлы бейітінен бастау алған сапар Баймырза әулие Теңізбайұлы мазары және де «Татыр шайқасы» жері Тәуіш ауылына дейінгі аралықта жалғасын тапты. Белсенді жастар Тәуіш ауылының әсем жерлерін аралап, өз ойларымен саралады.  Жобаның қызықты әрі деректі болғанына дән риза. Қатысушылар өз қонақжайлығын әркез биікте ұстайтын Жәнібек Қуанышқалиұлының отбасына ризашылықтарын жүрек жарды лебіздерімен жеткізді. Ұйымдастырушылардың жұмыстарына қатысушылар өз алғыстарын айтып тарқасты. Жобаның келесі бағыты Ахмет Байтұрсынұлы ауылына аумақ.
 
 
«ЖАЛЫН» Жангелдин аудандық
Жастар ұйымы» ҚБ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓