Ұйым жұмысы оңтайландырылмақ

Кеше Рудный қаласында аудандық, қалалық ардагерлер кеңесі басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Онда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 7-съезі мен облыстық есеп беру-сайлау конференциясының шешімдері талқыланып, делегаттар атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.укина
Аға ұрпақ өкілдерінің алқалы жиынын Рудный қаласы әкімінің орынбасары Елена Скаредина ашты. Ол Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер ұйымдарының қатары толығып, қоғамдағы маңызы арта түскендігін айтты. Түрлі өмір өткелдерін басынан кешіріп, өскелең ұрпаққа жөн сілтейтін қарттардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі рөлін атады. Одан кейін сөз тізгінін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы алды.
– Ардагерлер ұйымы кешегі қиын-қыстау кезеңде өзін-өзі сақтап қалған, заман өзгерсе де, өзінің мән-мағынасын, мазмұнын өзгертпеген жалғыз қоғамдық ұйым десек артық айтпағанымыз. Өйткені, қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет, – деді Кенжебек Үкин.укина
Төраға Республикалық съезде елдің ынтымағы мен тыныштығын сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарында ардагерлерге үлкен сенім артылғандығын жеткізді. Съезд шешімдерін орындау мақсатында жергілікті бастауыш ұйымдарының жұмысы жаңаша ұйымдастырылып, шағындары ірілеріне қосылып жатқандығын тілге тиек етті. Мәселен, 2014 жылы Қостанай облысында 852 ардагерлер ұйымы болса, олардың саны 2015 жылы 808-ге, ал 2016 жылы 624-ге дейін қысқарған. Бір ғана облыс орталығының өзінде 338 ұйымның орнына 165-і жемісті қалған.
Семинарда аудан-қалалардан келген қонақтар бұдан былай зейнеткерлерді ардагерлер ұйымдарына тарту, елді ынтымаққа, ұлтаралық татулыққа шақыру, жастарға аталық тәрбие беру, медиаторлық жұмыспен айналысу басты назарда болатындығын айтты.
– Қазіргі таңда қоғамдағы барлық оқиғалардың бас-қасынан ардагерлер табылады. Олар саяси процестерден сырт қалған жоқ, өздерінің жанқиярлық еңбегімен гүлденген Қазақстан құруға үлестерін қосты және қоса береді. Өз кезегінде, зейнеткерлердің құқықтарын, қадір-қасиеті мен мүдделерін қорғау, олардың материалдық жағдайларын жақсарту, халықпен, ең алдымен, жастармен тәрбиелік-патриоттық жұмыс – біздің қызметіміздің өзгермейтін мақсаты болып қала береді, – дейді Қарабалық аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Қабылова.
Пленарлық мәжілістен кейін қатысушылар естелік фотоға түсіп, қаладағы Соколов кеніші, мұрағат пен балалар үйіне экскурсия жасады. Сапар соңында ардагерлер Даңқ ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, елі үшін жан қиған батырларға тағзым етті.
 
Қуаныш Есқабыл,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓