Қос азаматтық үшін айыпталды

Қостанай қаласы арнайы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен қатарынан екі азаматтық алған қостанайлыққа 200 АЕК (424 мың 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.20160802111035Қостанай станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушы Қостанай халықаралық әуежайында ұсталған. Паспорттық бақылаудан өткен ер адамды ІІЖБ көші-қон полициясының қызметкерлері шекаралық қызмет өкілдерімен бірігіп анықтады: «54 жастағы ер адам ҚР азаматы бола тұра, Германия федеративті республикасының азаматтығын алған және шетелдік азаматтық алғаны туралы заңмен белгіленген мерзімде хабарламаған». Қазақстанда бұл ҚРӘҚБК 496 бабы, 2 бөліміне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.
Құқық бұзушының бұл сот қаулысына шағымдануына бір мүмкіндігі бар. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓