Мемлекет мүддесін қорғау – маңызды міндет
2016 жылы экономикалық сотта қарастырылған жалпы сомасы 99 млн теңгеден астам 24 іс бойынша мемлекеттік органдар өз арыздарында көрсетілген талаптарды дәлелдей алмады. Соған байланысты сот ол арыздарды қанағаттандырған жоқ.
Оның себебі – мемлекеттік мекемелердің заңгерлік қызметтерінің мемлекет мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмауы. Нәтижесінде, бұл жағдай азаматтар мен заңды тұлғалардың негізді түрде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне арыздануына әкеліп соқтырады.
Ағымдағы жылы Қостанай облысының прокуратурасы «Мемлекет мүддесін мемлекеттік органдардың заңгерлік қызметтері арқылы қорғау» атты жобаны енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік мекемелердің заңгерлік қызметтерінің сотта мемлекет мүддесін қорғау деңгейін көтеру.
Негізгі міндеттер – заңгерлік қызметтердің жұмыс сапасын көтеруге және заңдылықтың нығайтылуына бағытталған шаралар кешенін дайындау, ұйымдастырушылық-құқық қолдану шараларын қабылдау, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік оргындарға деген сенімді арттыру.
Облыс прокуроры Марат Қайбжанов: «Бұл жобаны жүзеге асыру барысында біз мемлекеттік заңгерлердің сотқа сапасыз қатысуы мәселелерін шешеміз», – деді.