Құрметті қостанайлықтар!
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңның мемлекеттің және жалпы қоғамның дамуына зор ықпал жасайтыны сөзсіз. Осынау мерекелік күн әрбір қазақстандықтың өміріндегі Конституцияның маңызды рөлін еске түсіреді, өйткені, оның негізгі құқықтары мен міндеттерін, оларды іске асыру кепілдіктерін бекітеді. Жеке тұлғаны ойдағыдай дамыту, біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен ырыс берекесі Конституцияның негізін қалайтын қағидаты, оның мызғымас басым бағыты болып табылады.
Біздің еліміздегі маңызды саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар берік конституциялық негізде қабылданады және өмірде жүзеге асырылады.

Конституциялық нормаларды нақты ұстану ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Өйткені, Ұлт көшбасшысының белгілеп берген Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру, жалпы алғанда біздің халқымыздың тұтастығына, мақсаттарының бірлігіне және Конституция ережелерін ұстануына байланысты.
Біздің облысымыздың әрбір тұрғынының өзіміздің еліміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікті сезінетініне, күн сайынғы еңбегімен біздің балаларымыздың жарқын болашағын жақындата түсетініне сенімдімін.
Әрбір қостанайлық отбасына бақыт, молшылық пен өсіп-өркендеу тілеймін!
Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ