ҚОЛ САҒАТТЫҢ ҚҰНЫ – 1 МИЛЛИОН

Қазан айы басталғалы облыс орталығында 203 ұрлық жасалған. Соның төртеуінде миллион теңгеден аса шығын келтірілді. Қолды болған зергерлік бұйымдар мен қымбат сағаттар, ақша және түрлі техника. Барлық тергеу амалдардын ІІД-нің бастығы Тілеген Маткенов өз қадағалауына алды. 
сагТергеу амалдарын жүзеге асыру мақсатында полиция құрамынан арнайы топ жасақталып, бірінші кезекте ломбардтар мен базардағы заңсыз саудагерлер бақылауға алынды. Сондай-ақ, полицейлердің қара тізімінде тұрған күдіктілер де тексерілуде. 
Сонымен қатар, заң қызметкерлері тұрғындар арасында мүліктерге ие болу жөнінде сақтық шаралары насихатталуда. Қостанай және Рудный қаласында, ауылдық елді мекендерде бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД-нің баспасөз қызметі. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓