Отандық дәрігерлер инсульттің алдын алмақ

Алматының орталық клиникалық ауруханасында хирургтер шетелдік әріптестерімен бірге инсульттің алдын алу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Енді аталған емдеу орнының мамандары ішкі күре тамырдың жұмысын жақсартуға арналған отаны өздері жасайтын болады, – деп хабарлайды BAQ. KZ
инсультСоңғы жылдары елімізде ишемиялық инсульт ауруы күн санап көбейіп келеді. Мамандар аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда дәрі-дәрмекпен емдеуге болатындығын айтады. Өкінішке қарай, миға келетін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуы науқастың мүгедек болуына, тіпті өлімге де әкеп соғуда. Енді Алматының орталық клиникалық ауруханасы бұл дерттің алдын алу мақсатындағы шараларды қолға алатын болады.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓