Оқыту сыныбы ашылды

«Қазақтелеком» АҚ 20 жылдығына орай Қостанай облыстық телекомуникация Дирекциясында қызметкерлер үшін мемлекеттік тіл мен орыс, ағылшын тілдерін оқытуға арналған оқу сыныбы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым және жергілікті мекемелердің өкілдері қатысты.
   орталыкОқу сыныбы 15 жеке компьютермен және басқа да заманауи мультимедиялық, түрлі көрнекті құралдармен жабдықталған.
            «Мен қазақ тілі сабағын қалдырмауға тырысамын. Себебі бұл менің қызметтік міндетімді жемісті атқару үшін қажет. Арнайы жабдықталған профильдік сыныптың ашылғанына біз қуаныштымыз. Жасалып жатқан осындай жағдайдың арқасында мен тек қазақ тілін ғана емес, ағылшын тілін де жақсы меңгеріп алғым келеді», – дейді Қостанай ОТД байланыс операторы Юлия Зацарная.
Оқыту барысында замануи инфокоммуникациялық технологияларды қолдану тиісті деңгейлер бойынша оқыту әдістерін жетілдіріп, әрбір қызметкердің тілдерді меңгеруге деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
 
Осы жайындағы толымды ақпаратты газетіміздің жұмадағы санынан оқи аласыздар.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓