Журналист жеңімпаз атанды
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқу жүйесін мультимедиялық сүйемелдеу бөлімінің меңгерушісі М.Шаханова "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалының Елордамыз Астана күніне орай әлеуметтік желілерде жариялаған (Facebook, twitter, В контакте) "Астанам, менің астанам" атты байқауының жеңімпазы атанды.
– Азаматтық үлкен сезіммен мен де байқауға қатысуға бел будым. Әрі өзімнің кәсіби білімімді сынап көргім келді. Бейне баян идеясына жалғыз мен емес, барша арқалықтықтардың бас шаһарға деген сезім махаббаты салынды деп ойлаймын, – дейді байқау жеңімпазы.
Марияш Орманбекқызы ақпарат саласында он жылға жуық еңбек етіп келеді. Қалалық теледидарда тілшісі болып мол тәжірибе жинақтады. Кезінде республикалық "Нұр Сұңқар" байқауының да жүлдесін жеңіп алған.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.