«Жас шебер – 2014»
Рудный технология және сервис колледжі базасында қалалық «Жас шебер – 2014» конкурсы өтті.
Білім бөлім ұйымдастырған игі шараға ұзын саны 17 мектептен 34 оқушы қатысып, технология пәнін қаншалықты меңгергендіктерін дәлелдеді. Олардың бірі балғаның, ал екіншісі егеудің сабын шеберлікпен жасап, өз мектептерінің абыройын асқақтатуға тырысып бақты. Білім бөлімінің басшысы Ольга Кононенконың айтуынша жарыстың басты мақсаты жастарды еңбекке баулу, технология пәнінің беделін арттыру, талантты жастарды анықтап, ынталандыру. Оқушылардың шеберлігін білім бөлімі мамандары мен колледждің ұстаздары бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша №3 және Қашар кентінің №1 орта мектебінің оқушылары Виктор Сафин мен Дмитрий Дербенев жеңімпаз атанды. Әділқазылар Арнат Ибраев (№7 мектеп), Мақсат Садықов (№15 мектеп), Мирас Сәрсенбаев (№17 мектеп), Аян Баймақаевтың (№14 мектеп) өнеріне де жоғары бағасын беріп, арнайы дипломдармен марапаттады.
Қуаныш Сейдоллаұлы