Арнайы жәшік орнатылды
1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметкерлерге интернет желісіне қосылған, фотосурет және видеоға түсіретін (смартфон) телефонды жұмыста ұстауға тыйым салынды. Бұл өзгерістен сарыкөлдіктер де сырт қалған жоқ.
Айталық, аудандық әкімдік ғимаратының кіреберісіне смартфон сақтайтын арнайы жәшік орнатылды. Енді, мұнда келушілер ақпараттық қауіпсіздік үшін смартфондарын әлгі жәшіктерге қалдыра бастайды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Марлен Сандыбековтың айтуынша, әкімдіктегі қызметкерлердің бәрі қарапайым ұялы телефон ұстайды, ал арнайы жәшіктер келушілерге арналса керек.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.