“Жаңа жыл, шуағыңды шаша кел!”

_MG_2259Қаланың орталық "Наурыз" алаңында осындай атаумен "Жаңа жыл" мерекесі жалпы халықтық деңгейде аталып өтілді. Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтау лебізін білдіріп, мұз қалашығының салтанатты ашылу рәсімін өткізді._MG_2282
Жыл бойы үздік еңбегімен танылған көшбасшыларға "Жыл адамы – 2014" құрметті атағын тапсырды. Елдің көңіл көтеруі үшін ерен еңбекпен ақ қар, көк мұздан ертегі кейіпкерлерін сомдаған мекеме – ұжымдарды марапаттады. 
_MG_2285Ән –  күйге толы мерекелік шараны Аяз ата мен Ақшақарлардың сайысы түрлендірді. Түн түнегін түрген алуан реңкті отшашу қаланың еңселі бас шыршасының сәнін одан сайын келтіре түсті.
 
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓