Мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі артады
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін еңбекақыны төлеудің жаңа моделі азаматтық қызметшілердің категориясын өзгертеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал жаңа модельде азаматтық қызметшілердің лауазымдарын олардың атқаратын жұмыстарына қарай бөлу көзделген. Бұнда лауазымдар білімге, біліктілікке, орындайтын жұмыстың күрделілігі мен дәрежесіне қарай жіктеледі.
«Басқарушылық қызметті атқаратын азаматтық қызметші енді «негізгі персонал» блогында болады. Профильдік қызметтерді орындайтындар, мысалы,ауруханадағы дәрігерлер мен мектептердегі оқытушылар «негізгі персонал» блогына енгізіледі. Ұйымдарда еңбек жағдайын қамтамасыз етіп отырған азаматтық қызметшілер, яғни экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер және басқалары «әкімшілік персонал» блогына қарайды. «Техникалық персоналда» техникалық жұмысшылар қамтылады», – деп түйіндеді ол.
Мешіт Ғазиз