Әнге құмар бір бала
Ана әлдиімен ұйықтап, бесік жырын тыңдап өскен баланың әнге құмартып өсуі заңдылық секілді. Содан болар қазақта ән салмайтын адам жоқтай көрінеді. Өлең айтпайды деген жанның өзі оңашада ыңылдап жүреді емес пе.
Ән – көңілдің ажары. Сабырға көнбес сағыныш сазын, еркелік назын, буырқанған шабыт пен аласұрған махаббатты да әннен табасыз. Құлақтан кіріп, бойды алар әсем әннің құдіреті осында болса керек. Саз бен сөз қатар өріліп ән туғанды. Сол әнді тыңдаушыға дұрыс жеткізу әншіге байланысты. Бүгіндері халық әндеріне жаңаша рең беріп, өнер өлкесіне қадам басқан өрендердің бірі – Нұрболат Қадыров. Жас әнші Қостанай өлкесінің төл баласы. Дәстүрлі ән бағытында білім алып, қазіргі күні сол өнерді дәріптеп жүр. Әулиекөл ауданындағы Сұлукөл ауылына жеке концертін берді. Жас әншімен шығармашылық туралы сұхбаттасқан едік.-Әңгімемізді жеке репертуардан бастасақ.
-Азды-көпті уақыт ішінде жеке репертуарым қалыптасып үлгерді. Қазіргі күні қоржында 14-ке жуық ән бар. Оның сегізі авторлық, қалғаны халық арасында танымал, бұрыннан айтылып келе жатқан әндер. Мәселен, «Ауылым», «Қарындасыма» деген сияқты. Педагогикалық колледжде оқып жүргенімде Талғат Молдахметов деген ұстазым болды. Ән таңдар кезде сол кісінің де ақыл-кеңестерін ескеремін. Қандай ән болмасын композиторларға өз ойымды қосып отырамын.
Дәстүрлі ән бағытында білім алғандықтан, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Беспаев, Саят Медеуов сияқты ағаларымыздың өнерін жоғары бағалаймын. Кейінгі толқыннан ел қошеметіне бөленіп жүрген Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртасты тыңдаймын.
Қазіргі уақытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс ітейтін жас композиторлар баршылық. Солардың бірі Бағдат Оспанов. «Сезім оты» деп аталатын алғашқы әндерімнің бірі Бағдаттың туындысы. Менің әндерімнің сөзін бала күннен тай құлындай тебісіп өскен досым, бауырым Бақытжан Әлкебаев жазады. Бертін келе өңірімізге белгілі айтыскер ақын Марғұлан Оспановтың әндерін айтып жүрмін.Вокалдан сабақ алып, эстрада әншісі болып шыға келетіндер көп қой. Бірақ дәстүрлі ән бағытында оқығанның пайдасы мол. Әнді шынайы жеткізе білудің өзі өнер. Сол шеберлікті меңгерсеңіз, бағасын халықтың өзі-ақ береді.
Торғай даласынан Болат Хамзин секілді керемет композитор шықты. Сол сияқты белгілі ағаларымыздың әндерін жарыққа шығарғым келеді. Жақында «Ер Торғай» деген ән шығады. Оның дұрыс нұсқасын іздеп жүрмін. Қисық әнді сахнаға алып шыққым келмейді. Патша мінезді халықтың пейілі таза болса да, көңілі паң. Елге сауатты ән керек. Қазақ тойларында бұрыннан шырқалып жүген әндерді жаңа бағытта, жаңа стильде шығарып жатсам, ұмытылып бара жатқан әндерді тірілтуге қосқан үлесім деп білемін.
-Жеке концерт бердіңіз. Қалай өтті? Көңіл толды ма?
– Қазір нақты шығармашылыққа бетбұрғаным рас. Қолға алған дүниені аяғына дейін жеткізгім келеді. Еліміздің оңтүстік облысынан солтүстікке көптеген әншілер келіп, концерт беріп жатады. Солтүстіктің әншілері оңтүстікке неге бармасқа деген ой келеді. Осы бағытта талмай ізденіп, жұмыс істеуге кірістім.
Бір-екі жерде концерт беріп үлгердім. Жоғары деңгейде өтпесе де, аянып қалғаным жоқ. Дәлірек айтқанда, Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылына барып концерт қойдық. Аталған ауылдан сұраныс келді. Өздері шақырып алды. Бұл да болса елдің ескеріп, өнерімізді бағалағаны шығар.
Жаңа ән жаздыруға асабалық қызметтен түскен қаржыны салып жатырмын. Өнер жолының көне соқпағына түскен соң бағытымнан жаңылғым келмейді. Бастаған істі соңына дейін жеткізген дұрыс. Көп уақыт өтпесе де кей әндеріміз елдің құлағына жетті. Кей әндерім тойда қосылып жүр. Бұл қуанышты жағдай. Ағаларым талпынысыма оң бағасын беріп жатыр. Осының бәрі маған үлкен демеу.
Алдағы уақытта продюсермен жұмыс істеу ойда бар. Қазақ эстрадасының әншісі Сейфуллин Жолбарысты өзімнің продюсерім ретінде елестететінмін. Өйткені, әнші ағамызбен екеуміздің дене бітім, бойымыз үйлеседі.
Өнердегі ағаларымның қолдауымен клип түсіруді жоспарлап жүрмін. Көптеген әншілер Алматы, Астана сияқты қалаларда клип түсіріп жатады. Біздің Қостанайдың да табиғаты бай. Туған өлкеде неге клип түсірмеске? Әулиекөлдің табиғатын, ағашты-орманды жерлерін көрсеткім келеді. Туған өлкені мақтан тұту төл перзенттің парызы.
-Ән байқауларында бақ сынап көрдіңіз бе?
-Дәстүріл ән бағытында Абай әндерін насихаттауға тамшыдай болса да үлес қостым. Абай оқуларына қатыстым. «Алтын микрафон» халықаралық байқауының үздік ондығына кірдім. Тұлпар да бәйгеге түспей ысылмайды. Кейде той басқарып, асаба болып жүрмін. Асабалық бұрынғы серіліктің жаңарған көрінісі секілді. Бойға біткен өнерді ұштау әр адамның міндеті. Халықтың алдына шығып, елге еркелеп, тойдың ортасында жарқырап жүргенім жастық шақтың ең бір жарқын көрінісі шығар. Бізге дейін қаншама асаба өтті. Ол кезде той өту мәнері, сән-салтанат та басқаша болған.
Той басқару үшін Астана, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетауға бардым. Осының бәрі халықтың ықыласы ғой. Бір жағы қомақты ақша беріп жатса, кейді ағаларымыздың өтінішін, бір ауыз сөзін жеге тасатамай той басқарып беремін. Ақшаға келіп тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Асабалықтың арқасында ел көріп, жер танып, біраз жерге бардым.
-Сөз соңында әңгімеге алып-қосарыңыз болса…
-«Оралыңның барында ойна да күл! Ойнамаған, күлмеген не көріпті?» деген шумақтар бар еді ғой. Жас күнінде ойнап-күлмеген ағалардың «әттеген-ай» деген кей сөздері еске түсіп кетеді. Сондықтан, жас күінімде әр салада белсенді болуға тырысамын. Қолымнан келгенді істеп, өнерімді көрсеткім келеді. Алдыңғы буынға қарап бой түзеп, қателіктерін қайталамауға күш саламын. Осы мақсатта еңбектеніп жүрмін.
Қазір әлеуметтік желінің пәрмені басым. Instagram, ВК желісін қаншама адам пайдаланады. Мені танитын, әндерімді тыңдайтын адамдар өздерінің парақшасында жарнамалап жатса, тамаша болар еді. Кейде, халықтан сондай қолдау күтемін. «Ел құлағы елу» деген бар. Біреуден біреу естіп, маған хабарласып тойға шақырып жатады. Ондай кезде қуанып қаламын.
Тапқан табысты өнерге салып жатқан соң елге танылуды қалайсың. Бірақ, бақ шаба ма, бап шаба ма, белгісіз. Адамның басына бақ қонса, жалғыз әнмен көтеріліп жатыр ғой. Мен де сондай хитты күтіп жүрмін.
-Әңгімеңізге рахмет.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Иә, біздің Қостанайымыздың да табиғаты кереметқой шіркін…