Әшекей жасайық

ножницаҚалауыңыз бойынша әшекей бұйымдарын қолдан жасауға  болады.  Мәселен,     шашқа тағатын әдемі әшекейді дайындау үшін қатты мата, ине-жіп, қайшы, бас өлшеміне қарай резіңке, әр түрлі моншақтар керек. Матаны 3 см болатындай қылып бүктейміз де, ол қалпынан тайып кетпес үшін шетін тігіп шығамыз. Матаның екі басына резіңкенің екі басын қосып тігеміз. Мынадай созылмалы лента шығады. Басыңыз-ға киіп көріп, дәл ободокөлшемді алыңыз. Әйтпесе, кейін не үлкен, не кіші боп қалады. Матаның шетінен бастап, моншақтарды бір-бірлеп тігеміз. Қиялыңызға қарай әр түрлі тасты араластырып, не қандай да бір өрнекпен тігуге болады. Асықпай, ұқыппен матаның үстіне моншақ тігіп шығамыз. Жіптің шетін жақсылап түйіндеңіз, кейін моншақтар шашылып қалып жүрмесін. Дайын бол-ған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓