Ата заңымыз айшықталды
Қостанай экономикалық сотының мәжіліс залында Конституция күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай конференция өтті. Сот саласы мамандарының басын қосқан жиынға облыстық мәлихаттың хатшысы С.Ещанов қатысты. Ең алдымен облыстық соттың төрағасы А.Мерғалиев жиналғандарды егемендігіміздің куәсі, тәуелсіз мемлекетіміз үшін елеулі үлес қосқан Конституция күнімен құттықтады.



Мұнан кейін сөз алған ғалымдар мен заңгерлер де мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналған Ата заңымыздың алар орны жайында, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстары туралы баяндама жасады. Ал, мерекелік жиын соңында сот саласына елеулі үлес қосқан бір топ мамандар марапатқа ие болды.

Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Аййбек ЖҮЗБАЙ