Ет дүкені есігін ашты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен келе жатқан Конституция күніне орай аудан орталығында ашылған ет дүкені сарыкөлдіктер үшін ерекше сый болды. Оны жергілікті кәсіпкер «Қ.Мақатов» шаруа қожалығы ашып отыр.
SONY DSC

SONY DSC

Салтанатты тұсаукесер сәтінде қазақтың шашуы шашылып, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев жүрекжарды лебізін жеткізді. Ол өз сөзінде бұл дүкеннің сарыкөлдіктер үшін аса маңыздылығын атап өтіп, бұл жердегі тауар ассортименті жергілікті өнім екендігіне тоқталды.
SONY DSC

SONY DSC

-Дәл осындай ет дүкені өңірде жалғыз. Оны ашып отырған белгілі кәсіпкер Қайырбай Мақатовтың бизнесі одан әрі дами берсін! Оның бизнес жоспарларын жергілікті билік үнемі қолдап отырады, – деді Эльдар Қонысбайұлы.
Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған «Мақатов Қ.» шаруа қожалығының басшысы болса, мемлекетке және өңір басшысы Эльдар Қонысбайұлына аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға көп көңіл бөліп, ауданда бизнесті дамытуға жағдай жасап жатқаны үшін шынайы алғысын білдірді.
SONY DSC

SONY DSC

Айта кеткен жөн, Қайырбай Қоңқайұлының егін мен мал шаруашылығын қатар алып, айналысып келе жатқанына туп-тура – 20 жыл. Соның 7 жылында тұқымдық малды түрлендіріп келеді.
SONY DSC

SONY DSC

Ал, енді ет дүкеніне қайта оралсақ, онда жылқы (қазы-қарта, шұжық т.б), сиыр, қой, шошқа еттерімен қатар қымыз да сатылады. Нағыз табиғи өнімдер барлық норма мен стандартқа сай. Бағасы да қолайлы.
Айтпақшы, келесі жылға қарай кәсіпкер сүт өнімдерін де сатуды көздеп отыр.
SONY DSC

SONY DSC

 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓