Сыбайластық туралы бейнеролик

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арнап мемлекеттік қызметшілер арасында «Ең үздік бейнеролик» атты байқауын ұйымдастырды.IMG_9577
-Іс-шарамыз мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі  саясатының бағытын түсіндіруге,  мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналып отыр.  Байқауға  барлық  бейнероликтер мен сценарийлерді қосқанда жиырма үш жұмыс келіп түсті. Іріктеле келе соңғы кезеңге он жұмыс жіберілді. Бұл байқаудың басты ерекшелігі сол, мемлекеттік қызметшіліер бейнероликтерді көріп болған соң ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтады,-деді департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының бас маманы  Диас Ахметжанов.IMG_9590
IMG_9593
IMG_9599
Сонымен, байқаудың  қорытындысы бойынша  бірінші орынды экология департаменті, екінші орынды әділет департаменті, үшінші орынды Қарасу  ауданы әкімдігі жеңіп алды. Жеңімпаздар грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, олардың жұмыстары  әлеуметтік бейнероликтердің негізін құрайтын болады.IMG_9616
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓