67 пәтер иесіз деп танылды

Прокурорлық тексеруден кейін 67 иесіз пәтер коммуналдық меншікке өтті.  Бұл туралы облыстық прокуратурадан өткен брифингте прокуратураның 1-басқармасының аға қызметкері Н.Әбдірахманов мәлім етті.
– Қостанай облысы бойынша барлығы 64 иесіз пәтер анықталды. Оның төртеуі облыс орталығына тиесілі. Баспаналар коммуналдық меншікке қойылмағандықтан, тіркеуге алынбаған. Сондықтан пәтерлер бос тұрған, – деді Н.Әбдірахманов.  
Сонымен қатар, 329 пәтерде ешқандай қатысы жоқ адамдар тұрып келген. Жергілікті билік өкілдері аталған пәтерлерді коммуналдық меншікке қою туралы өтініштері бойынша ешқандай шара қолданбаған. Мәселен,  2010 жылдың 27 сәуірінде Қостанай қаласы әділет басқармасы Қостанай қаласындағы Гвардейская көшесіндегі 48 пәтерді иесіз мүлік ретінде тіркеуге алған. Бірақ, әлі күнге дейін коммуналдық меншікке берілмеген.   
–  Прокурорлық қадағалау нәтижесінде атқарушы орган  67  пәтерді иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойды, 4 баспана коммуналдық меншікке өтті. 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Н.Әбдірахманов.
Шұға                 
    ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓