Бұзақыға іздеу салынады
Қостанай қаласының ІІБ полициясының солтүстік бөлімшесі қызметкерлері қылмысқа қатысы бар күдіктіге іздеу жариялады. 15 тамыз күні Жеңіс көшесі бойында, Орталық базар ауданындағы "Маяк" дүкенінде сағат 16.00-16.10 шамасында белгісіз ер адам еш себепсіз 34 жастағы әйелге дене жарақатын салды.
Күдіктінің белгілері: азиялық тұрпатты, бойы шамамен 170 см, толықша денелі, жасы 30-35-тер маңайында. Үстіне ақшыл қызыл жейде, джинс, қара түсті аяқ киім киген.
Ақпараты бар жандардан 8-775-444-83-85 немесе 102 нөміріне хабарлау сұралады.