И. Дычкоға пәтер тарту етті

Қостанай қаласында көрсетілген құрметтен соң Рио олимпиадасының қола жүлдегері туған қаласы – Рудныйға жол тартты. Мұнда да қошемет кем емес. Орталық алаңға жиналған рудныйлықтардың қарасы мол. Ел байрағын желбіретіп, «Қазақстан! Дычко!» деген сөздермен ұрандатып тұр.IMG_0045 Кеншілерді, алдымен, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Жеңіс осылардікі. Рудный шаһарының әр тұрғыны Иванды қолдағаны анық. Жұртшылықты қанаттандыратын сөздерінен кейін өңір басшысы боксшының өзі қалаған сыйлығын да тапсырды. IMG_0061Ол – Қостанай қаласынан үш бөлмелі пәтер еді. Олимпиадаға аттанбас бұрын, «жүлделі ораласаң, қолдан келгенше бір тілегіңді орындармыз» деп уәде еткен аймақ басшысы сөзінде тұрды. Бұл туралы А.Мұхамбетов өзі мәлімдеді. Сондай-ақ, боксшының қос бірдей бапкеріне 1 млн.теңгеден сыйақы берді.IMG_0091  Жиын соңында спортшы алдыға суырылып шығып, жерлестеріне алғысын айтты:
-Екі апта бойы Қазақстан спортшыларын қолдап, тілекші болғандарыңыз үшін мың алғыс. Сіздер жіберген хабарламалар мен қоңыраулар мені желпіндіріп, жеңіске деген жігерімді еселеді. Бірақ, алтын бұйырмады. Мен қолымнан келгенінше тырыстым. Билік тарапынан көрстекен қолдау мен марапат үшін көп алғыс айтамын. Дәл осы бір сәт жас спортышларыдың қызығушылығын арттыра түсетініне сенімім мол,-дейді Рио олимпиадасының қола жүлдегері.IMG_0095
Иванның әр сөзіне жерлестері қол соғып, қиқулап, ризашылықтарын білдіріп отырды. «Ағайынның аты озғанша, ауылдасыңның тайы озсын» деген осы шығар. Рудный өнерпаздары жеңімпаз жерлестеріне асқақта ән шырқап, шараның көркін одан сайын қыздыра түсті. Иван боксшы жиналған жұртшылықтың бәрімен суретке түсіп, спорт мектебіндегі достарымен қайта қауышты.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.    
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓