«Білімді ел- мәңгі ел»

Міне, осындай атпен Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда   педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Филармонияның  фойесінде «Қостанай облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарында  мамандар даярлаудың  қазіргі жағдайы мен келешегі» тақырыбында  көрме болды. Көрме өңірдегі  орта буын ұйымдарындағы қазіргі заман талабына сай мамандардың даярлануы, жетістіктері мен инновациялық оқу үдерісін баяндайтын  оқу-құралдары қойылған.  Олардың қай-қайсысы болмасын  оқу орындарының табыстарын  айғақтайды.  Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көрмені аралап көрді.IMG_7771
IMG_7741Үстіміздегі жылғы тамыз кеңесінің басты мақсаты – Қостанай облысындағы  білім беру жүйесінің инновациялық  тұрғыдан дамуының басымды бағыттарын анықтау,  білім беру стратегиясын жаңа мазмұндағы білім беру бойынша   «Мәңгілік ел» Ұлттық  идеясының аясында ұғыну.
Облыстық педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов ашып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз кезегінде  өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар мен жіберілген кемшіліктерге де тоқталды.IMG_7725
– Облыстың білім саласы қызметкерлерінің «Білімді ел-мәңгі ел» дәстүрлі тамыз кеңесі еліміз және облысымыз үшін маңызды кезеңде өтіп отыр. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен облысымыздың 80-жылдығы атап өтілуде. Бұл мерейлі межеде біз қол жеткізген табыстарымызды сөз етіп қана қоймай, облыстың білім беру саласын қарқынды дамыту бойынша мақсат-міндеттерді белгілеп алуымыз қажет. Оның үстіне, жерлесіміз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175-жыл толып отыр. Біз халықаралық талаптарға сай 12 жылдық білім беру жүйесіне  қадам бастық. Облысымызда «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылып, биыл оның алғашқы түлектері үлкен өмірге жолдама алды.
Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарында білім беру сапасын арттыру, кәсіби мамандар даярлау, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту бойынша маңызды міндеттер көрсетілген. Біз алдағы жұмысымызды сол міндеттерді тиімді іске асыру аясында жоспарлайтын боламыз-деді облыс әкімі.IMG_8010
IMG_7886
2016 жылғы білім саласының бюджеті-59,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда  12 пайызға  артық. Жаңа оқу жылында  үш білім нысаны пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша  18 білім нысанына  шамамен 2 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.IMG_8091
Тамыз кеңесінде сол секілді жетістіктерге жеткен  бір топ ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігінің,  облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды, Ы. Алтынсарин  атындағы төсбелгісіне ие болды,  ҚР «Құрметті білім беру қызметкері» атағының  иегері атанды. Сонымен  бірге осы жиында «Үздік орта білім беру ұйымы» деген атаққа ие болған Қостанай ауданы Глазунов орта мектебіне  18 287 200 теңгенің сертификаты тапсырылды.IMG_8118
(Тамыз кеңесі туралы толық материалды газеттен оқитын боласыздар).
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓