«Жаңару» қозғалысы жемқорлықпен күреседі

Өңірімізге сәрсенбі күні «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық  қозғалысының төрағасының орынбасары Әнуар Ильясова келді.  
-Біздің мақсатымыз бір – ол қоғамда жемқорлыққа жол бермеу, кең етек жайып келе жатқан кеселмен жұмыла күресу. Мемлекеттің қаржысы қалай пайдаланылады, сол туралы біз бәрін бақылауға алып, айтамыз. Қай жерде жемқорлық фактісі бар. Біз тікелей ана адам жемқорлық жасады демейміз. Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдар өздерінің шараларын жүзеге асыру керек, – дейді Әнуар Ильясова журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

IMG_9091

Еске сала кетсек, «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы 2013 жылы құрылды. Барлық өңірлерде филиалдары бар. Қозғалыс Елбасының жемқорлыққа қарсы күресте жүктеген тапсырмаларын іс жүзіне асыратын нақты міндеттерді іске асырады. Қозғалыстың төрағасы Оралбай Әбдікәрімов. Қозғалыстың құрамында Мұрат Әбенов, Ерман Мұқтаров. Боран Рахымбеков сынды азаматтар бар. Сондай-ақ, «Жаңару» қоғамдық қозғалысы жемқорлыққа қарсы журналистер клубын ашып отыр. Онда білікті тілшілер мен заңгерлер қызмет етеді. Заңды белшеден басқандарды әшкере еткендер үшін арнайы интернет парақша да ашылған.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓