БІЛІКТІ МАМАН – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

Тұрғын үй шаруашылығы саласына білікті мамандар қажет. Ұлттық экономика Министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жыл сайын «Тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Аталған бағдарлама аясында ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мамандарының біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Бұл курстар ТКШ саласы бойынша қызмет көрсетудің жоғарғы сапасына қол жеткізуге мүмкіндік жасайды деп отыр сала басшылары.IMG_8422
Басты мақсат – тұрғын үй қорын басқарудың тиімділігін арттыру, өңірлерді дамытудың бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды ұйымдастыру тетіктерін түсіндіру, сонымен қатар тұрғын үй саласында энергияны үнемдеуді насихаттау.
Жоғарыда көрсетілген орталықтың Қостанайдағы филиалының директоры Бірәлі Мырзабеков түрлі тақырыпта өтіп жатқан курстардың ел болашағына тигізер пайдасының мол екендігін тіл-тиек етті.
– Мұндай курс, семинарлар өз қызметімізге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Осы жолы мамандар екі рет үшкіндік, тағы екі мәрте бескүндік, сондай-ақ, бір рет онкүндік курстан өтеді. Шара барысында коммуналдық шаруашылық үшін энергияны үнемдеу әдістеріне қатысты мәселелер де қарастырылып жатыр. Жобалық-зерттеу қызметі, заңнамалық аспектілер бойынша бойынша сұрақтарға да жауап алуға мүмкіндік бар. Мамандарға сертификаттар тапсырылады. Осылайша, біздің филиал да кәсіби қызметкерлерді дайындау ісіне мықтап кіріспек, – деді Бірәлі Мырзабеков.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓