Ел шебін күзеткендер

Осыдан 24 жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен шекар қызметкерлерінің жасағы құрылған еді. Міне, сол уақыттан бері 18-тамыз  – шекаршылар күні. Қостанай обылсындағы ел шебін «Солтүстік» аймақтық басқармасы қадағалайды. 1413 шақырым жердің қауіпсіздін бақылайтын бұл жасаққа биыл – 15 жыл. Ел қорғаған батырлардың жыл бойы атқарған еңбектері еселі. IMG_7095Мәселен, өткен 7 айдың қорытындысы бойынша 520 заң бұзушы ұсталған. Бұдан өзге 17 адам шекараны рұқсатсыз кесіп өтсе, арам пиғылды тағы 96 алаяқ құрықталды. Есірткіден басқа, екі ел арасындағы «Обаған» бекетінде заңсыз қару-жарақтар алып өтпек болған 27 қылмыскер қолға түскен.IMG_7109
Төл меркелері қарсаңында әскерилерді Қостанай халқы құттықтап, билік тарапынан марапаттауға ие болды. «Жеңіс» саябағында өткен салтанат әскери ансамбльдің маршымен басталды. Алдымен, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қызмет жолында қаза тапқан шекара қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, сөз сөйледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен құрметті демалысқа шыққан әскерилер отансүйгіштікке жетелейтін жалынды әңгімелерді тілге тиек еткен-ді. Артынша жиналғандарды 2031 әскери бөлім сарбаздары қоян-қолтық күрестің әдіс-тәсілдерімен тәнті қылды. Көрсетілген құрметтен желпіне түскен шекарашы сарбаздар Отан алдында адал қызмет етуге тағы бір мәрте ант етті.
 
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓