Қарулар, пешке!
Бұл арсеналдың тең жартысын құқыққорғау органдарына акция аясында өңір тұрғындары өз еріктерімен тапсырған. Ал қалған бөлігін тәртіп сақшылары заңсыз сақтап жүрген адамдардан тәркілеген. 119 қосауыз, 29 жалғыз ауыз қару, 3 оқпанды қару, 6 шолақ мылтық және 9 осы уақытқа дейін әртүрлі қылмыстық істен өткен қару пешке балқытылды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, бұл – жыл басынан бері өтіп отырған екінші қару-жарақ жою акциясы. Екеуі де Рудныйдағы кен алыбында жүзеге асты. Ал осы шараға ІІД, прокуратура және зауыт қызметкерлері қатысты. Қарулар пешке жіберілмес бұрын тексеру-салыстыру жүргізілді.
Айта кетейік, жойылған қаруларды тұрғындардан сатып алуға жыл басынан бері 8 млн. 632 мың теңге төленген.
"Хорошое дело" сайтының материалы бойынша