Қымбат көліктер ұрланды
Қостанай қаласында «Lexus LX 570» және «TOYOTA Land Cruiser» маркалы автокөліктері ұрланды.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, «Lexus LX 570» кеше түнде ұрланған. Шығын көлемі – 35 миллион теңге. «Автокөлік «Наурыз» шағын ауданындағы көлік иесі үйінің ауласында тұрған. Бұл көлікке дабыл жүйесі орнатылған», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Екінші көлік Воинов-Интернационалистов көшесінде ұрланды. Оның құны – 9 миллион теңге. Қазір ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында 231 рет көлік ұрлығы тіркелген. Оның ішінде тек 165 іс қана ашылған.