КАРАНТИН ТӘРТІБІ САҚТАЛАДЫ
2021 жылдың бірінші аптасында Қостанай облысының ХҚО үш күн-5,6 және 8 қаңтарда жұмыс істейтін болады. Келесі аптадан бастап жұмыс кестесі аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атақармақ.
Естеріңізге сала кетейік, бас санитарлық дәрігердің №54 қаулысына сәйкес Қостанай облысының ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте мамандандырылған ХҚО – да екі жұмыс кестесі қолданылады: құжаттарды қабылдау 9.00-ден 16.00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қостанай, Рудный және Тобыл ХҚО-ларында қызметтерді алу брондалған кезек кезінде ғана мүмкін болады. Келу уақытын алдын ала электрондық үкімет порталынан, Telegram бот EgovKzBot2.0, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады,-деп еске салды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR – менеджері Ярослава Богатырева. – Қостанай ХҚО-ларында 2020 жылғы мамырда жабылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмысын қайта жандандырғанын еске сала кеткен жөн. Бұл дегеніміз, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық қызметтерді қайтадан алуға болады. Бұл үшін кезекке алдын-ала тапсырыс берудің қажеті жоқ. Мемлекеттік корпорация мамандары, егер көмек қажет болса, мемлекеттік қызметті алу кезінде кеңес береді".
ХҚО – ға барған кезде міндетті түрде маскалық режим және әлеуметтік қашықтық сақталу қажет.