Жас мұғалім айыппұл өтемейтін болды
Ауылдық жас мұғалім Гүлдана Дүзенова білім беру гранты бойынша оқытуға арналған шығыстарды «Қаржы орталығы» АҚ пайдасына өндіру туралы Қостанай қалалық соты шешімінің күшінің жойылуына қол жеткізді. Талапарыз сомасы 1 млн 550 мың 287 теңгені құрады.
«Гүлдана Дүзенова Қостанай педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша аяқтады, – делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегі хабарламада. – ол ауылдық грантпен білім алды, бөлу кезінде Әулиекөл ауданы Новонеженка ауылына жіберілді. Тұрмыс құрғаннан кейін сол ауданның басқа ауылына көшуді шешті. Бойжеткен жаңа мектепке орналасқан, біраз уақыттан соң одан 1,5 млн теңге өндіру туралы хабарлама алған».
Г. Дүзенованы Новонеженский орта мектебінен шығару туралы бұйрықты жергілікті білім беру бөлімі қаржы орталығына жіберген, бірақ оның басқа ауылдық округке жұмысқа қабылданғаны туралы құжат уақтылы берілмеген.
Азаматтық іс жөніндегі алқа сот күшін жою шешімін бірінші сатыда айқындады. Өндіріс тоқтатылды.