Ораққа орашолақ, ұрлыққа берекелі
Қарабалық ауданына қарасты Надеждин ауылында түн ішінде серіктестікке тиесілі тайланған (тюк) шөптерді ұрлап әкетті. Күдікпен ұсталған 37 жастағы жігіт кінәсін мойындап, 25 теңделген мал азығын иесіне қайтарып берді. Дәл осындай ұрлық Святослав елді мекенінен үш шақырым жерде болды. 28 жастағы ауыл тұрғыны өз көлігімен келіп, 40-қа жуық жаңа шабылып, тайланулы жем-шөпті тиеп әкетіп, ауласына жасырған. Келесі күні-ақ ұсталды. Тұтылғандар үш жылға дейін бас еркіндіктерінен айрылулары мүмкін.