Жесір әйелдің құқығы қорғалды
Жесір әйел Нұргүл Әлімова кәмілетке толмаған екі баланы жалғыз асырап отыр. Нұргүл А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде әдіскер болып жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйцек айында білім ордасындағы қызметкерлер санын қысқарту шарасына жалғыс басты әйел де ілігіп кетіпті. Бірақ ҚР Еңбек Кодексінің талаптары бойынша мұндай санаттағы азаматтарды жұмыстан шығару заңға қайшы келеді.
Заңсыз жұмыстан шығып қалған жесір ана сотқа арыз жазған. Осылайша Н. Әлімова университеттен 170 319 теңгені құраған үш айлық еңбекақысы орташа көлеміндегі өтемақыны, 500 мың теңге көлемінде моралдық залал мен 100 000 мың теңге көлемінде сот шығындары мен адвокат қызметі үшін төленген ақшаны қайтаруды талап еткен. Арызға қатысты дәлел-дәйектер қаралып, еңбек қатынастары заңнамасының өрескел бұзылғанына сот көз жеткізді.
Қостанай қалалық соты жұмыс беруші А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бұйрығын заңсыз деп тапты. Азаматша Н. Әлімованың қызметінке қайта алынуын талап етті. Сонымен қоса, сот шешімімен Н. Әлімованың пайдасына 170 319 теңге үш айлық еңбекақының орташа көлемінде өтемақы, 500 мың теңге көлемінде моралдық зардап пен 100 мың теңге көлемінде сот шығындары мен адвокат қызметі үшін төленген қаржы қайтарылды.
Махаббат Бекбай