Рудныйда ер азамат суға кетті
Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының басшысы Михаил Югайдың айтуынша, кеше 21.00 шамасында қалалық ІІБ-на өзеннің Қарттар үйі маңындағы бөлігінде суға шомылып жүрген азаматтың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.
– Оқиға орнына жеткенде бізді екі әйел мен бір ер азамат күтіп алып, қамыстың ар жағына суға сүңгіп кеткен досының үн-түнсіз қалғанын айтты. Суда құтқару қызметінің сүңгуір-құтқарушылары шұғыл іздеу жұмыстарына кірісіп, жағалаудан 15 метр жерде, 3 метр тереңдіктен мүрдені судан алып шықты, – дейді ол.
Бүгінде аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол бойынша, марқұмның сау, не мас күйінде болғандығы, сонымен қатар өлімнің нақты себептері анықталмақ.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері Тобыл өңірінде 21 адам суға кетсе, Рудныйда бұл тіркеліп отырған бірінші жағдай. Дегенмен, құтқарушылар тұрғындарды арнайы жасақталған жағажайы жоқ қалада өзенге суға түсуден бас тартып, күннің аптап ыстығында көшеде көп уақыт жүрмеуге кеңес