Мақсат – жетекші қайта өндеуші кәсіпорнына айналу

Облысымыздағы  «Костанай Агро Продукт»ЖШС  өңірімізде жаңа инновациялық жобаны  жүзеге асырды. Ол- өндірістік мал сою цехы болып табылады. Цех- мал сою мен оның өнімдерін сақтаудың  толық өндірістік кезеңін  жүзеге асыруға  арналған жаңа өндірістік құрал-жабдықтарымен жабдықталған.  Міне, осы цехтың салтанатты түрде ашылуында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов болды. Аймақ басшысы өңіріміздің бір топ ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері мысалы, «Алтынсарино»ЖШс директоры, еңбек Ері Б. Князевпен, «Диевское»ЖШС директоры О.Даниленкомен цехтың қызыл лентасын кесті.  Содан кейін  өңдірістік мал сою цехының ішін  жан-жақты аралап көрді.  Жұмыс барысымен танысты. 
IMG_6930
– Әрине,  бізге осындай заманауи мал союдан бастап соңғы өңдеу жұмыстарын да іске асыратын кәсіпорындар керек-ақ, оның әрі қарай дамуына көмектесуіміз керек. Елбасымыз да біздерге үлкен міндет қойып отырғаны белгілі. Өз елімізде ғана емес шетелде да сұранысы бар өнімдерді шығаруымыз қажет.  Мәселен, біздің облысымыз  аграрлы аймақ, мал басы да жеткілікті, мал азығы деген де  бар, сондықтан да бұл саланы дамытуымыз керек,-деді облыс әкімі.
IMG_6959
 – Кәсіпорнымыз сапалы ет өнімдерімен тек өз аймағымызды ғана емес жақын облыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар.  Сонымен қатар өндірген өнімдерімізді шетелге, мысалы, Ресейге, Қытайға, Иранға, Туркияға шығарсақ  деп отырмыз. Сол секілді еліміздегі алдыңғы қатарлы қайта өңдеуші кәсіпорындардың біріне айналсақ деген мақсат та жоқ емес. Неге десеңіз,  осы алға қойған  міндеттерімізді жүзеге асыруға қолымызда барлық  жағдай бар деп ойлаймыз. Атап айтсақ,  мәселен, Таран, Қарасу аудандарында  өзіміздің мал борақылайтын алаңдарымыз бар болғандықтан   мал  союға деген малдарымыз, өңдейтін ет өнімдеріміз жеткілікті. Сол секілді  цехымызды облысымыздағы бірнеше жетекші  өңдеу кәсіпорындары мен компаниялары өздерінің өнімдерімен қамтамасыз етіп тұратын  да болады,- деді «Костанай Агро Продукт»ЖШС-нің директоры Рифхат Құдасов.
IMG_6947
Кәсіпорынның  бір аусымдағы  өндірістік қуаттылығы- 20 тонна  ет өнімдерін дайындауға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кететін жайт, кәсіпорынның мұздатқыш камералары  800 тоннаға дейінгі  көлемде ет өнімдерін сақтай алады.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: цехтың ашылу сәттерінен
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓