Тұрғын үйлердің келбеті әдеміленіп, өзгермек

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала мерекесі күні бірнеше нысандарды аралады.  Аймақ басшысы атбасын бұрған сол нысандардың бірі- Абай даңғылы бойындағы  орталық әмбебап  дүкеніне қарама-қарсы көпқабатты тұрғын үй болды.
Облыс орталығына келген қонақтар, қала тұрғындары сұр түсті көпқабатты тұрғын үйлеріміздің келбеті соңғы жылдары  жаңарып, өзгеріп, түрлі-түсті  бояулармен боялғанын байқаған болар болар.  Жылы түсті бояулар адам жанына  жылулық сыйлайтындай.
IMG_6822
Қостанай қаласының  сәулетшісі Г. Қасыбаеваның айтуынша, 2016-2017 жылдары  шамамен  100 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті боялады. Олардың жалпы құны шамамен 684 млн. теңге, соның ішінде  құрылыс-монтаж жұмыстарына 90527210 теңге жұмсалады, ал, материалдардың  құны-853520 теңге болып табылады. Бүгінгі таңда  яғни 2016 жылы 40 көпқабатты тұрғын  үйдің қасбеті боялады деп күтілуде. Қазіргі кезде олардың он жетісі боялып, аяқталды. Енді   атап айтқанда, Абай даңғылы, Карбышев, М. Хәкімжанова, жауынгер Интернационалистер көшелері мен 8 шағын ауданында орналасқан 23 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті боялу үстінде.  Облыс әкімі жұмыстың барысымен жан-жақты танысты.
– Орташа есеппен алғанда әр үйдің бояу-сырлау жұмысына кем дегенде алты млн.теңге  жұмсалады екен. Жұмыстарыңызды қашан  аяқтайсыздар? Сонымен бірге бояудың сапасына да көңіл бөліңіздер. Тұрғын үйлер 2008 жылы боялыпты, ал енді  осы бояуларыңыздың сыны кем дегенде 15-20 жылға шыдауы тиіс. Сондықтан да жыл өткен сайын сол бояуларыңыздың сыны кетіп жүрмесін.  Қостанай қаласының келбеті өңірдегі басқа қалаларға үлгі болуы тиіс, тұрғындарымыз    әдемі де сәнді  аббаттандырылған, көрікті жерлерду тұруы қажет. Тұрғын үйлерді керемет, қымбат қаптаулармен қаптаудың қажеті шамалы.  Ауа райы да қолайлы. Қаржы жағына келер болсақ, кәсіпорындарды тарту арқылы қаржыны қарастырып отырмыз. Жуырда «Варваринка»АҚ-мен меморандумға отырып, келісімшарт жасадық. Қаржы уақытында табылып, төленеді. Қазан айының 1-дейін белгіленген жұмысты , ал келесі жылы мамыр айынан  қазанға дейін қалғанғаны  бітіруіміз қажет. Барлығымыз да осы жұмыстарға атсалысуымыз керек, -деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
IMG_6840
Содан кейін облыс әкімі  Красный кузнец,  Юный боец, Пионерская көшелерін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен  танысты.  Красный кузнец көшелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы  «АБЗ плюс»ЖШС директоры А. Лобанов айтып өтті.  Директордың айтуынша,  Красный кузнец көшесін қалпына келтіру аяқталған. Енді Абай даңғылы бойынша  жөндеу жұмыстарын жүргізетін болды. Жобаның жалпы құны 420 862000 мың теңге. Көшенің ұзындығы  1,4 км.
-Абай даңылындағы жөндеу жұмыстарына келер болсақ, бірінші рет бордюрлік гранит тастар қолданылатын болады. Гранит тастар соншама жылдарға шыдамды болады. Оған мысал ретінде облыс әкімдігі жанында бордюрдегі  гранит тастарды айтуға болады. Ол бордюрлер сонау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Бородиннің кезінде жөнделіп жасалды, әлі тұр,-деді аймақ басшы.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов содан кейін  Юный боец  пен Пионерская көшелерін  ресайклирдеу әдісімен атқарып жатқан «Көкшетауавтодор»ЖШС жөндеу жұмыстарымен танысты.  Әкім атқарылған жұмыстың сапасын, барысын жан-жақты қарап көріп,  сапалы атқарылғанына  ризалығын білдірді.  Қала тұрғындары да Юный боец көшесіне асфальттің қалай төселгенін, атқарылған жұмыстың сапасына рахметін де айтар деп ойлаймыз, неге десеңіз,  күз бен көктем айларында  бұл көше лай, жүргіншілер үшін қолайсыз болатын. Ресайклирдеу әдісі дегеніміз, бұрынғы  төселген асфальтті  арнайы  машина арқылы  қырып алып, ұсақтап өңдейді, оған қосымша битум  қосып, араластырып, қайтадан жолға төсейді. Қара жолдың бір километрін осындай әдіспен жөндеудің құны 29 млн. теңге екен, арзан әрі сапалы.  Облыс әкімінің айтуынша, келесі жылы он бес көшені осындай әдіспен жөндеудің жоспарын жасау қажеттігін айтып өтті.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: жұмыс барысымен танысу сәттері
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓