Автошерушілер Ахаң ескерткішіне тағзым етті
Түркі әлемін біріктіруді мақсат тұтқан "Нұр-Сұлтан – Анкара" халықаралық автошеруі Қостанай қаласына аялдады. Ауқымды іс-шараға қатысушылар облыс орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университетінің алдындағы ұлт ұстазының ескерткішіне Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері келіп тағзым етті. Олар биыл 150 жылдығы тойланып жатқан Алаш ардақтысының туған жеріне арнайы аялдауды мақсат етіпті.
Айта кету керек, бұл автошеру Қазақстан, Иран, Әзірбайжан және Түркия елдерін басып өтпек. Қатысушылар елордада мәре алған. Әзірге шерушілер қатарына алматылық және қарағандылық ардашерлер мен әскери қызметкерлер қосылған. Тізімді алдағы уақытта Ақөбе, Ақтау және Орал қалаларының еріктілері толықтыруы тиіс.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шерудің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығын көрсету, сондай-ақ достастықтағы республикалардың дипломатиялық қарым-қатынасына қолдау білдіру. Автошерудің Қазақстандағы бөлігі 28 тамызда аяқталады. Одан әрі ақтаулық қатысушылар паром арқылы Әзірбайжанға өтеді. Іс-шара 1-2 қыркүйекке қарай Түркияда тәмамдалмақ.
Суретті түсірген Константин Вишниченко