Балабақша пайдалануға берілді
Жаңа оқу жылы қарсаңында мауыты-шұға комбинаты ауданында ақын Ғ. Қайырбеков көшесінде орналасқан мектепке дейінгі білім мекемесі ата-аналар мен кішкене балалардың қуанышына пайдаланылуға берілді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов міне, осы жаңа балабақшада болып, ішін аралап, балаларға арналған төсек-орындарды, жиһаздардың сапасын көрді. Кішкене балалар балабақшаның табалдырығын үстіміздегі жылдың кыркүйегінде аттайтын болады.
Балабақша екі жүз сексен орынға арналған. Кішкене балаларға мемлекеттік және орыс тілінде тәрбие-білім беріледі. Балабақша іші мұнтаздай жарық, әсем. Мектепке дейінгі білім мекемесінде спорт, музыкалық, физиотерапиялық зал бар. Балабақшаның әр сыныбы интерактивті тақталалармен жарақталған. Компьютер сыныбы, сол секілді жаңа спорт алаңы бар, ол алаңда жаңа спорт құралдарымен жабдықталған. Балабақшаның мердігері «Ұлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Балабақшаның жалпы жұмыстарына 658369 мың теңге жұмсалды.
Балабашаның ашылу салтанатында мектепке дейінгі білім мекемесінің ұжымы, осындай ғимаратты балалардың қуанышына пайдаланылуға берген құрлысшы-мердігерлер облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты. Енді, осы балабақша ата-аналар мен балалардың игілігіне жеткенше небір өзіндік үлкенді-кішілі келеңсіз жағдайларды басынан кешіргені бар, бірақ ол келеңсіздіктер өткінші. Ең бастысы сол балабақшаның келбеті жаңарып, жасарып, балалардың қуанышына, игілігіне, толыққанды саналы тәрбие мен сапалы білім алулары үшін берілді. Кішкене балалар да қуанып, жүздері бал-бұл жайнап, шағын концерттік нөмерлерін сыйлады. Содан кейін балалардың біріне облыс әкімі сый ретінде балабақшаның үлкен кілтін сыйлады. Барлығы да мәз-мейрам.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: балабақшаның ашылу салтанатынан
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ