Қос өренге қолдау көрсетейік!
«ВаІа Тurkvizion» байқауының республикалық кезеңінде Қостанай облысының намысын Мәулен мен Мария қорғайтын болады. 19-қыркүйек күні 16:00-де Хабар арнасынан байқаудың тікелей көрсетілімі болады. Жеңімпаз халықтың СМС арқылы беретін дауыстары арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған қатысушы еліміздің намысын халықаралық сахнада қорғауға аттанатын болады. Сондықтан да, құрметті жерлестер, сіздерді қос бірдей кішкентай әншілерімізге барынша қолдау көрсетуге шақырамыз! Демеу-шарапатымызбен өрендерімізге марапат алып берейік!!!