Эстрада әншісі Қайрат Нұртас Қостанайға келді
Қостанай қаласының орталық стадионында XXX облыстық халық шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті. «Айналдым еркін елімнен!» атты концерттік бағдарлама ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналды.
Отызыншы мәрте ұйымдастырылған фестивальдің мақсаты халық арасындағы таланттарды жарыққа шығару. Он алты аудан, төрт қаланың атынан қатысқан өнерпаздардың үздіктері гала-концертте сахнаға шығуға мүмкіндік алды. Фестиваль жеңімпаздарын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов марапаттады. Бірінші орынды Федоров ауданы, екінші орынды Қостанай ауданы, үшінші орынды Аманкелді ауданы алды. Өзген аудан, қалалардың шығармашылық ұжымдарына әртүрлі номинациялар бойынша құрмет көрсетілді.
Жергілікті өнерпаздар концертін Қазақстан эстрадасының әншілері Қайртас Нұртас пен «Джейран» тобы жалғастырды. Музыкалық шоу бағдарламасының соңында от шашу ұсынылды.
Қымбат Досжанова.
Суреттерде: гала-концерт көріністері
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.