Ірі жобалар іске аспақ

 

Биыл облыстан Индустрияландыру картасына төрт инвестжоба кірді. Алғашқысы – өсімдік майын дайындаумен айналысатын «K-Oil» ЖШС өндірісін жаңғырту. Алғашқы жартыжылдықта тұтынысқа берілді. Тынысы кеңейген компания өндірісін екі есеге арттыра алды. Осы жылы олар 10 мың тонна май әзірлеуді жоспарлап отыр. Ал қалған үш инвестжоба жылдың соңына қарай іске асырылмақ. Соның ішінде екі кәсіпорынды іске қосу желтоқсан айына белгіленген. Бұлар – Рудныйдағы цемент зауыты және Лисаков қаласындағы дуалды ангарлап өндірісі. Алғашқысы – ауқымдырақ жоба. Құны – шамамен 15 млрд. теңге. Айта кетейік, бұл цемент зауытын іске қосу осы кезге дейін бірнеше рет кейінге шегеріліп келген. Енді инвесторлар жыл соңында, тікелей эфир арқылы Елбасының қатысуымен жолы болмай келген жобаның тұсауын кеспек.
цемент зауыт
-Қазір кәсіпорында құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталудың алдында – 95 пайызға орындалды. Қазір қосу-реттеу жұмыстарының сатылы жүргізуге кірістік. Бұл, зауытта бірнеше цех болғандықтан, желтоқстан айына дейін жалғасады. Ал енді алғашқы өнім, жорамалдауымызша, 2017 жылдың басында тұтынушыларға жол тартпақ,-дейді кәсіпкерлік басқармасының инвестициялық жобалар бөлімінің жетекшісі Талғат Маишин.
Тағы бір ірі өндіріс – "Баян Сұлу" АҚ-дағы бисквиттік цехтің құрылысы. Бүгіндері бас-аяғы жұмырланған жобаның бірі осы, жоспарлы уақытынан ерте іске қосылуы мүмкін. Барлығы судай жаңа болады: вафель мен печенье өндірісіне арналған екі желілік құрылғының жеке нысаны бар, барлық қондырғыларды орнату әлдеқайда жылдам жүзеге жүзуде. Цехтің жылдық қуаттылығы 15 тонна өнімге шақ.
 баян сулу
Осы айда-ақ бисквиттік цехтің құрылыс қарқынын Елбасы өзінің Қостанай облысына жасайтын іссапары барысында бақылайтын болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓