Көпір құрылысын тексерді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық маңызы бар Қостанай қаласына кіреберіс автомобиль жолындағы көпір құрылысын (Кәріс көпірі) тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."Қазіргі уақытта көпірдің қазығы қағылған, тіректерді монтаждау, көпірге кіреберістегі топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің ұзындығы – 261 метр, ені – 24,5 метр. Көпірді осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр", – деп мәлімет жазды Архимед Бегежанұлы.Ол облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына көпірдің құрылысын сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓