Күтпеген кездесу

Оңтүстік аймаққа оқырманмен кездесуге таяуда "Қостанай таңы" газетінің  ұжымы келген. Арқалық қаласында болған кездесуде көңілде жүрген ұсыныс-пікірлерімізді айтқан болатынбыз.
DSC01188
Сол кездесу жайлы газет көлемді мақала жариялап біздің фото суретімізді берген екен. Мен Қостанай қаласы ауруханасында жатып ол материалды көрмеппін.
3 шілде күні бір азамат телефон шалып: "Атым – Ердәулет, сенің аты-жөніңді, суретіңді "Қостанай таңы" газетінен көріп, телефоныңды да сол азаматтардан алдым. 1966 жылдың 30 қарашасында Қарағандының "Долинка" селосындағы 6505 әскери бөлімшесіне барған едік", –  деді, даусы ашық, сөзі орнықты азамат. Иә, "Долинкада" алғашқы 1,5 ай әскери дайындықта болып, сәуірдің аяғында Прибалтика әскери округіне Қарағандыдан жалғыз кеткенмін.
Табан астында аты таныс болғанмен түрі ойыма түспей әскерде бірге болған достар бейнесін іздеп көз алдыма елестеттім. Аманкелді ауданынан Ағыбай, Есен, Серікбай, Файзолла барған.
Ойыма телефон шалған досым орала берді. Иә Ердәулетпен жаңа жылда ортаға меңдіқаралық Сәбит Бекбаевты алып фотоға түскенбіз.
Ердәулеттің келуін асыға күттім. 5 шілде күні Ердәулет жұбайы Бижамал екеуі Қарабалық ауданынан әдейі іздеп келді. Ол кезде 20-дағы жігіт едік. Бүгінде ел ағасы болдық. Қуанышта шек болмады. Бір-бірімізді құшақтап өткен күнді еске алдық.
Дос, жолдас, туыс, ағайын іздеу азаматтық парыз. Ердәулет сол парызды өтеді. Ұлы Жаратушы отбасына амандық, деніне саулық, ұрпағына береке-бірлік берсін!
Бізді табыстырған "Қостанай таңы" газеті ұжымына алғысым шексіз.
 
Шөптібай  Байділдин.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓