Облыстық сот алты айды қорытындылады

Қостанай облыстық соты алғашқы жарты жылдықтың қорытындысын шығарды.
сот
Осы аралықта облыстық соттың қарауына 1943 қылмыстық іс түсіп, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 18,9 пайызға азайған. Соның ішінде сегіз адамға қатысты ақтау үкімі шығарыл-ған. Сот төрағалары мұның өте жақсы көрсеткіш екендігін айтады. Есесіне, биылғы жылдың алты айында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық фактілері айтарлықтай өскен көрінеді. Мәселен, биыл осы аралықта жемқорлыққа қатысты отыз іс қаралып, нәтижесінде 28 адамға үкім шығарылған. Сондай-ақ, облыста 606 іс медиаторлардың араласуымен аяқталып, жәбірленуші мен айыпталушы тараптар өзара мәмілеге келіп, іс сотқа жетпеген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көбейген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓