Қала мәдениетінің шоқтығы биік

1. Армысың, "Ақ дариға!"
презентация книги АкдаригаҚостанай  қалалық  мәдениет  және  тілдерді   дамыту бөлімінің атқаратын   қызметінің  ауқымы  кең. Әсіресе "Демалыс орталығы" ұжымының   жауапкершілігі үлкен.  Негізгі ұстайтын бағыты   халықты  мәдени-ағартушылық қызметімен қамтуға, кәсіби және өздерінің  күшімен ұйымдастырылған көркемөнерді дамытуға байланысты. Олар   халықтың әртүрлі жастағы топтарының шығармашылық мүмкіндіктерін анықтауға  тырысады.   
"Демалыс орталығы" өздерінің  шығармашылық ұжымымен танымал. Көптеген  жылдар ішінде   шығармашылық жаңалыққа деген құлшыныстарымен, көркемдік жұмыстарымен көзге түсіп, үлкен жетістіктерге жетуде.
Осы жылдың мамыр айында қостанайлық ақын Ғайнижамал Бердалинованың "Көк тудың желбірегені" атты кітабының тұсау кесері  ұйымдастырылды. Бұл кітап  "Ақ дариға" ардагерлер  хорының  тарихына арналған.  Хорға  қатысушылар  жұртшылыққа  есімдері   таныс   адамдар. Өнерпаздар  өздерінің  сіңірген еңбектерінің  арқасында,  сүйікті істеріне берілгендіктен   үлкен  беделге ие болды.
Солардың ішінде  Сағындық Орынтаев, Беген Көпеш, Ұлмекен Сүндетбаева, Қайынтай Хакимова, Шолпан Бекбосынова, Жақсыбек Бірімжанов, Күлайым  Байға-бұлова,  Дияс  пен   Жұпар   Жаманқұловтар  бар.
"Ақ дариға" хорының барлық қатысушылары  халық фольклорының дәстүрлерін сақтап, жастарды ұлттық мәдени мұраларды  құрметтеуге шақырады. Жақын арада  хор  ұжымы  Түлкібек Рысмағанбетовтың  жетекшілігімен  Ұлы Отан соғысындағы 70 жылдығына ар-налған облыстық "Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер"  фестиваліне қатысады.   
 
2. Мерейің өссін, "Мирас!"
МИРАС 1Ұлттық аспаптар-этнографиялық  "Мирас"   ансамблінің  тарихы өте бай. Ансамбльді құру идеясын Абай Әмірханов ұсынған. Талапты азамат ұжымды   жиырма  жылдан  аса  уақыт  басқарды. Сонау қиын, қайта құру кезеңінде, ансамбль тұрмақ, қалада музыкалық аспап –  домбыраны  табу қиын болған жағдайда  ансамбльді аяғынан тұрғызуда  сіңірген еңбегі өте зор. Бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратында қазақ халқының музыкасын сүйетін қарапайым қала тұрғындарының қатысуымен әзірліктерді   жүйелі түрде  өткізді. Бертін келе  ұжымға  маман музыканттар келіп, "Мирас" ансамблінің  шығармашылық  деңгейін   көркемдік жағынан  биікке  көтерді.
Арамызда Абай Ғазизұлы болмағанымен, оның   істерін талантты музыкант, қазақ ұлттық академиясының түлегі Берік Оразалин жалғастырып, жетекшілік етуде.  "Мирас" ансамбліне жаңа тыныс беріп, ұжым репертуарында ұмыт болған, қазақ классикалық музыкаларын, сонымен қатар, Қазақстан композиторларының заманауи шығармашылықтарын енгізді.  
"Мирас" ансамблі домбырада ойнайтын күйшілермен танымал.   М.Хамитов, М.Тілеуғабыловтар  домбырада ойнауды жетік  меңгеріп,  әрқашан тыңдаушылар көңілінен шыға біледі.  
"Мирас" ансамблінің жеке әндерді   орындаушыларының  репертуарлары   әуендерімен,   сюжеттерінің,    тақырыптарының байлығымен ерекшеленіп жүр. Қостанайлықтар Күнсұлу Жақаеваның, Қалибек Деріпсалдиннің, Ботагөз Дүбірбаеваның, Азамат Мұқатовтың  орындаушылығын  көрермен халық әрқашан жылы лебіздерімен қарсы алады. Олардың дауыстары шын мәнінде  "Талант таң қаларлық ғажайып" деген   нақыл  сөзді  растайды.
"Мирас" анмсамблі – облыстық, қалалық деңгейде өтетін мерекелік іс-шаралардың белсендісі. Астана қаласындағы музыкалық сайыста әділ-қазылар алқасының жоғары бағаларына ие болып, дипломант атанды.   
 
3. Шырқа, оркестр!
духовой оркестрМамыр айында муниципалды рухани оркестрдің басшысы Алексей Губенкоға "Мәдениет саласының үздігі" атағы берілді. Бір жолы, өзінің оркестрімен Астана күніне арналған фестивальде  А.Губенко қазақ мемлекеттік рухани оркестрінің жетекшісі Қанат Ахметовпен танысады.  Таныстық әрі қарай жалғасып, көптеген жылдарға созылуымен, қазіргі таңда қос дарын  нағыз  достар  болды.
Қанат Ахметовтың көмегімен оркестр репертуарында қазақстандық авторлардың көптеген шығармалары: "Азия дауысы", "Егемен Қазақстаным", "Саржайлау", "Отырардағы той", "Атамекен", "Өз елім", "Қазақстан –  қыран далам" және тағы да басқа тамаша әуендер   бар.
Алексей Губенко  дарынды жастарды мектептерден, жоғарғы оқу орындарынан, колледждерден тауып, олардың музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, баулиды. А.Губенко көптеген жылдар бойы  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебіндегі балалар, жасөспірімдер рухани оркестріне де жетекшілік етті. Және бүгінгі таңда   муниципалды оркестрдің орындаушылары осы мектептің тәрбиленушілері: Ақылбек Амантаев, Мақажан Нүрпейісов, Наурызбай Әмірхамзин, Салтанат Ахметова, Шынар Нұрахметова, Данияр Айкенов  ұстаздың  есімін   мақтаныш тұтады.
 Оркестр құрамында  алпыс адам бар. Жасөспірімдер, балалар, қыздар  және белгілі музыканттар  Алексей Алексеевичтың шығармашылық өнерінен сусындайды. "Оркестрмен басты көшелерде" аталған фото-суреттер, Қостанай қаласының күніне арналған мақалалар газет беттеріне бірнеше рет басылды. Суреттерде музыканттар қолдарындағы аспаптармен сап түзеп келе жатады. Алдарында отыз жылдан астам жетекшілік жасаушы, қажымас қайратты  ұстаз Алексей  Губенко.
Муниципалды оркестр – бұл Қостанай қаласының бренді екені сөзсіз. Қазір оркестр  бұрынғысынша  ізденіс үстінде. Оның репетициясында  Қазақстанның  Тұңғыш Президент күніне және Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған композицияларды ести   аласыз.    
    
4. Ансамбль аты – "Караван"
духовойТаяуда облыстық вокалды аспаптық ансамбльдер сайысында  демалыс орталығының "Караван" ВИА же-ңімпаз  атанды.  Ансамбль жетекшісі – белгілі композитор, аранжировка жасаушы Андрей Коротченко.
"Караван" ВИА-інде өздерінің көп жылдан бері келе жатқан, көне әуендерді және заманауи композиторлардың әндерін сүйетін көрермендері  жетерлік.
Ансамбльдің жеке   өнерпаздары – О.Штурм және О.Подольянованың орындауындағы әндер  ұжымның төлқұжаты саналып,  ерекше мақтауларға тұратындай.  Мәселен, "Қуатты адамдар"  әнін  жазған ресейлік жас әнші Юта. Бұл ән Астана қаласында өткен Қазақстан халқы  Ассамблеясына арналған мерекелік кеште орындалды. Әнді орындау алдында Юта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, әнді Қазақстан Президенті мен барлық  жігерлі қазақ халқына  арнағанын  хабарлады.  Құлақтан кіріп бойды алатын  ән  үнемі   қала  күнінде, қарттар     күнінде, Қостанай қаласының құрметті тұрғындарының шеруінде орындалып келеді.
Әрине, "Караван" ВИА көбінесе жастар аудиториясына бет бұрады. Дегенмен, қандай жағдайда  болмасын музыканттар, тек қана махаббат, арман жайындағы әндерден басқа, патриоттық, нәзік лиризмді  "Көзімнің қарасы" немесе драмалық ноталармен толықтырылған әндерді де  орындайды.  "Заман-ай" әні  "Караван" ансаблінің жоғарғы  тынысын  ашады.  Көктемде  "Караван" ВИА облыстық халықтық  байқауда  жоғары бағаларға ие болып, қорытынды концертте қала атынан тамаша өнерін  ұсынды. 
 
5."Мен джазды сүйемін!"
Отбасы -алты ұяҚостанай қаласындағы джаз оркестрінің құрылғанына қырық жыл. Оркестрдің шығармашылық өмірі қарапайым әуендерден, шағын  репетициялардан басталып еді. Сол кезде музыкалық аспаптар  жетіспеді, концертке сәйкес костюмдер табылмады.  Қазіргі таңда оркестр қазақстандағы эстрада музыкасының  нағыз   таңдаулысы. Оркестр жетекшісі және оны ұйымдастырушы  – ҚР еңбек сіңірген  қайраткері  А.Евсюков.
Оркестр мақтаныштары – дауыстары әдемі де зор жеке орындаушылар. Қостанайлықтар – Ә.Тұткышеваның, Т.Бахтинованың, Н.Құснетованың, С.Молдабековтың өнерлерін тыңдаушылар  ыстық ықыласпен асыға күтеді.
Мәдени демалыс жұмыстары   саналуан.  Бұған    түрлі іс-шаралар, кездесулер, сайыстар  және клубтарда өтетін мерекелер   куә  болады. Ұлттық сана сезімді оятуда, мәдени дәстүрлерді, басқа ұлттардың тілдерін құрметтеу мақсатында "Халық тату болса,  тілдер де тату" атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.  Көрермендерге татар, башқұрт, кәріс орталықтары ұжымдарының қойылымдары өздерінің айқын көріністерімен ұнады.
 Халық арасында "Қанша тіл білсең, сен соншалықты адамсың" деген сөз бар, демек, көпұлттық, көптілдік елімізде, біздер бір-ақ  рет  адам болып қалмауымызға ерекше мүмкіндік жасалған.
 Дәл осы ойлар іс-шараның бағдарламасының қызыл жібіндей болып, "Демалыс орталығының" орындауларының  әрбір өлеңінің жолдарында   құлағымызға   естілді.    Іс-шаралардың   ең жоғарғы бағалары –  көрермендердің бағалауы.
Сонымен қатар, "Айбын эстафетасы"  ерлік  сабағы қаланың жас тұрғындарының қызығушылығын тудырып, аса көңіл бөлгізді. Бағдарлама Кеңес  Одағының қазақстандық батырлары – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Сұлтан Баймағамбетовтердің ерлігінің  желісімен құрылған. Іс-шара барысында "Соғыста кішкентайлар болмайды", "Атқыштар" көркем фильмдерінде Кеңес  Одағының батыры Әлия Молдағұлованың көрсеткен ерліктері жайында үзінділер көрсетілді.
Еліміздің патриоты болу, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,  халқымыздың тарихын қастерлеу мақсатымен "Айналайын , туған жерім", "Қос батыр", "Киіз үйдегі гимн" атты киносабақтар ұйымдастырылды.
"Біз Қазақстан балаларымыз" атты тақырыптағы  "Лидер" интеллектуалдық ойын  Қазақстанның болашағына кәміл сенетін қайратты жастарға арналды. "Бәйге", "Полиглот", "Көкпар" сайыстары қазақ хал-қының  өнеріне, қазақ, ағылшын, француз тілдерінің білімдерін айқындауға  арналған. "Солнечный" шағын ауданындағы "Демалыс орталығы" бөлімшесі қомақты жұмыстар жасаумен ерекшеленеді. Сонымен қатар,  соғыс және еңбек ардагерлеріне аса көңіл бөлетін "Достық" клуб ұжымының істері де мақтауға тұрарлық. 
Ермекбай ХАСЕНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓