Өзара қызметтестік – ортақ ымыра

10-11 тамызда Қостанай облысына ресми іссапармен Латвия Республикасының Қазақстандағы өтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс Латвия Республикасының экономика Министрлігі елшілігінің кеңесшісі Владимирс Самойленкомен бірге келді.
IMG_4161
Іссапар барысында Елші облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесу өткізіп, тараптар әлеуметтік-экономикалық, мәдени қызметтестік мәселелері жөнінде сөз қозғады.
Жалпы, Тобыл өңірі Ю.Погребнякс ат басын бұрған Қазақстандағы алғашқы облыс. Бұлай болуының да себебі жоқ емес. Біздің облыс аумағында латыш инвесторларының үлесі салынған Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі – «LAMERC AGRO» ЖШС бар. Бұл компания 2008 жылдан бастап Қарабалық және Алтынсарин аудандарында жұмыс істейді. Негізгі бағыты – бидай және майлы дақылдар өсіру. Осы уақытқа дейінгі инвестиция көлемі 37 млн. Доллардан астам соманы құрады. Мұнда 250 жұмысшы жұмыс істейді.
Юрийс Погребнякс атап өткендей, екі ел арасындағы өзара әріптестік нығая түскен, бұл өз кезегінде әлі де көптеген халықаралық жобаларды біріге жүзеге асыруға мүмкіндік ашады.
-Экономикалық салада Қазақстан мен Латвия мүдделері Жаңа Жібек жолы аясында дәстүрлі логистика мен транспорт салаларына қатысты, сондай-ақ азық-түлік өнеркәсібі мен фармацевтика, білім беру қызметімен қамсыздандырылу арналары да бағыттас,-деп атап өтті елші.
IMG_4186
-Біздің қызметтестікке қашанда құшағымыз ашулы. Ауылшаруашылық өнімдерін, бәрінен бұрын сүт және құс еттерін өңдеу саласындағы ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Бұған қоса, біздің облыста машина құрастыру да оң жолға қойылған. Белорустық «Гомсельмашпен» ауылшаруашылық техникасын өндіруге бағытталған бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз. Бірақ мұның сыртында бізге шағын габаритті ауылшаруашылық техникаларын шығаруды ретке келтіру керек. Сәйкесінше, бізді Латвияның осы бағыттағы тәжірибесі қызықтырады,-деп, А.Мұхамбетов қызметтестіктің басымдықтарын белгілей өтті.
IMG_4160
Латвия Елшілігі тарапынан қызметтестіктің нақты ұсыныстарын құру және қарау үшін бизнес-делегациялардың барыс-келісімен алмасуды ұсынды.
Мұнымен қоса, Ю.Погребнякс биыл қазан айында Астанада үкіметаралық комиссия және екі елдің іскерлік кеңесінің отырысы өтетінін, оған Қостанай облысы да қатысатынын атап өтті.
Айта кетерлігі, Елші, іссапар бағдарламасы бойынша, облысымыздың алып кәсіпорындары – «Баян Сұлу» АҚ-на, «Лидер 2010» ЖШС-не, «ССКӨБ» АҚ-на және «LAMERC AGRO» ЖШС-не арнайы ат шалдырды.

You may also like...

1 Response

  1. Арман айтты:

    Атыөжөндері қызық екен. Украин есімідеріне, ата-тектеріне "-с" әріп қосып латвия аты-жөндерін құрыпты 🙂

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓