Үздік тауар байқауы

Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің аймақтық кезеңі өтті. Байқауға қатысуға 20 кәсіпкерлік субъектісі өтінім берген болатын. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көрме жұмысымен танысып, жеке кәсіпкерлерге табыс тіледі.
IMG_4009
Байқау-көрме қаланың Сити-орталығында ұйымдастырылды.Қостанайда құрастырған көліктер сап түзеп, тізіліп тұр. Қала халқы көліктердің қасында тұрып суретке түсіп, жергілікті азық-түліктерді сатып алып жатты. Саудаға шыққан тауарлар өндірушілердің бағасымен сатылды.
IMG_3851
 
IMG_3855
IMG_3854
Тұрғындар жергілікті өнімдерді таласа-тармаса алды. Әсіресе, «Жас қанат-2006» ЖШС-ның тауық жұмыртқасы үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Бұл жолы жұмыртқаның 10 данасы 200 теңге. Ал дүкендерде 225-235 теңге. Қала тұрғындары облыс әкіміне жұмыртқаның бағасын жаз мезгілінде арзандатуын сұрады. Сондай-ақ, құс фабрикасының фирмалық дүкені ашылғаны да тиімді болар еді. Өңір басшысы халықтың тілегін қолдап, сұранысқа ие тауарды тұтынушыларға тікелей жеткізуге болатынын айтты.
 
Байқаудан азық-түлік, киім-кешек, оюлы көрпе және сусын таба аласыз. Алуан түрлі тауарлар бар. Сатушылар санына сапасы да лайықты деп сендірді. Жергілікті жұрттың назарын аударған тауардың енді бірі  бөтелкедегі ауыз су. Табиғи таза су қала іргесіндегі Затобол ауылынан шығады. Қостанай облысының аумағында таралады. Сақтау мерзімі алты ай
.IMG_3860
 
IMG_3989
 
 IMG_3845
IMG_3863
 
IMG_3914
Жәрмеңкеде Федоров ауданындағы «Жаркөл-007» ЖШС зығыр майын көпшілікке ұсынды. Жеке шаруашылық серіктестік 2010 жылы төрт шаруа қожалығының негізінде құрылған болатын. Сол уақыттан бері экологиялық таза зығыр майын өндіру бағытында жұмыс істейді. 
Байқау-көрмеде рудныйлық кәсіпкерлердің белсенділігі байқалады. Мәселен, «ДОН» ЖШС биылғы қаңтардан бастап косметикалық балшықтың бірнеше түрін шығара бастады. 100% таза өнімді қаладағы бірнеше дәріханалардан сатып алуға болады. Болашақта ішкі нарықпен бірге көршілес Ресей, Қырғызстанға шығуды жоспарлап отыр. Кеншілер қаласынан келген жеке кәсіпкерлердің бірі Гүлнұр Омарова. Ол ұлттық нақыштағы той көйлектерін тігеді. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен несие алып, бизнесін бастаған. Қазақы ұлттық нақыштағы көйлектер Қостанай, Астана, Қарағандыға қалаларына сатылуда. IMG_4097
«Эксклюзив» дизайн-студиясы әйелдер киімін тігуде. Облыс әкімі мұндай бастаманы дамытып, шағын несие арқылы кәсіпті кеңейту керектігін айтты. Жеңіл өнеркәсіпті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды да еске салды.
IMG_3876
 
 IMG_3908
 
IMG_3890
 
IMG_3834
«Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің аймақтық кезеңін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырды. Үш аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халық тұтынатын үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары». Сонымен қатар, биыл алғаш рет әр аталым бойынша көрермен көзайымына айналған тауар түріне жүлде бар. Байқаудың қорытындысы тамыз айының соңында белгілі болмақ. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓