3,5 МЫҢ ЖАНҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛМЕК

"Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынған "Біз біргеміз!" акциясы аясында 3,5 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілмек. Бұл жайында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен бейне конференция барысында мәлім болды.

Елбасының бастамасымен қолға алынған  «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларының біріктіріліп, «Біз біргеміз!» бірыңғай республикалық акциясының қолға алынғаны белгілі. Акция аясында Тобыл өңірі тұрғындарының әлеуметтік әлсіз санаттары анықталып, көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалды.

«Акцияны ұйымдастыру барысында партияның Қостанай облыстық филиалы және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мұқтаж жандардың тізімін құрады: аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар, ерекше күтімді қажет ететіндер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жалғыз басты қарт адамдар санатқа ілікті,», – деді «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Тізімге іліккендерге антисептик, медициналық бетпердеғ қажетті гигиеналық заттар жеткізіледі.  Сондай-ақ,  макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майлары салынған азық сөмкесі таратылмақ..

Е.Күзенбаевтың айтуынша азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға өңірдің ерікті жастары жұмылдырылмақ. Осы мақсатта  облыс бойынша 250 адам жұмылдырылып, 20 топ жасақтау жоспарланған.

Есеп соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов партиялық жобаны жүзеге асыруда белсенділік танытып отырған ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓