6 жасар баланы қаққан

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында Андрей Коновальчукке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуында айыпты деп танылды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.дтп
Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызында  сағат 21.00 шамасында Қостанай қаласының Маяковский көшесімен өзінің "Lada 219410" маркалы автокөлігімен жүріп келе жатқан Коновальчук "Наурыз" шағын ауданының №6А үйінің жанында жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей жүру жылдамдығын арттырған.  Сонымен қатар жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтпек болған жаяу жүргіншілер азаматша А-мен оның 6 жастағы ұлы Р-ға жол бермей көлігімен қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.
Сот үкімімен жүргізушіге қоныс колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізуге қатысты жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа Коновальчуктан 1,5 млн. теңге моральдық шығынды өндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓