Күдікті ұсталды
Қостанай облысында полицейлер алаяқтың қолынан зардап шеккендерді іздеуде. Күдікті 16 қаңтарда Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның қолынан 50 мың теңгесін алып кеткеннен кейін ұсталды. Жәбірленуші полицияға жүгінді.

– Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тағы төрт жәбірленуші анықталды. Бірақ полицияда алаяқтың құрбандары көп болуы мүмкін деген болжам бар. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, Қостанай ауданының полиция бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрдәулет Жүсіпов.