Маңызды жұмыстар жүзеге асуда

Ауданда "Жұмыспен қамту – 2020" мемлекеттік бағдарламасы мейлінше іске асырылуда
IMG_9251
Аталмыш бағдарлама аясында өңірдегі жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту және Сарыкөл кенті мен ауылдық округтерді абаттандыру үшін жыл сайын аудандық бюджеттен қаражат бөлінеді. Айталық, қазіргі таңда ауданда қоғамдық жұмыспен 68 адам қамтылған. Солардың ішінде 6 жұмыскер Маяк пен Златоуст ауылдарының көшелерін ретке келтіреді. Бұған тоқталып отырған себеп, өткенде аталмыш ауылдарға барғанда, қоғамдық жұмыскерлердің еңбектерін көргенде, олардың ауылды абаттандыру барысында атқарып жатырған жұмыстары айтарлықтай екенін байқадық. 
Сол секілді, аталмыш ауыл әкімдерінің сөздеріне қарағанда, тазалық жұмыстарына қоғамдық жұмыскерлер ғана емес, жергі-лікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мектеп және ауыл халқы жұ-мыла кіріседі. Мәселен, осы уа-қытқа дейін ұйымдастырылған тазалық науқандары нәтижесінде Златоустта 12 тонна қоқыс  сыртқа төгілген.
Әрине, бұл дегеніміз, ауыл тазалығына айтарлықтай үлес қосылғандық.       
 
Руслан Әлкеев.
Сарыкөл ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓